Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі өрттен 6 жастағы қыз қаза тапты

0
101

Бұған дейін өрт салдарынан бір әйелдің көз жұмғаны хабарланған болатын.


Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі өрттен 6 жастағы қыз қаза тапты

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматыдағы Lamiya тұрғын үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны 2 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Тұрғындардың айтуынша, өрт кезінде подъезді түтін тез басып қалған. Кейбір тұрғындар балаларды қауіпсіз жерге шығару үшін оларды бір қабаттан екіншісіне жайма арқылы түсіруге мәжбүр болған.

Кей адамдар пәтерлерінде қалып, сыртқа шыға алмай қалған.

Тұрғындардың сөзінше, құтқарушыларды күткен 2 қыз жатын бөлмеден тапқан дымқыл киім мен сүлгіні пайдаланып, түтіннен қорғанған. Осылайша олар құтқарушылар келгенше аман қалған.

Өрттің шығу себебі мен қайғылы оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Айта кетейік, 23 тамыз күні сағат 22:49-да Әди Шәріпов көшесі, 145 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінде өрт болды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері бес минуттан кейін оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар екінші кіреберістің техникалық бөлмесі мен қабаттарында кабельдердің, сондай-ақ бірінші кіреберістің 7-13 қабаттарындағы электр қалқандарының жанғанын анықтады.