Бірден көптеген адам саяжайларына бармақшы болып, қала сыртына ағылған.
ERNUR.KZ. Алматы полиция департаменті қала шетіндегі көлік кептелісіне қатысты желідегі видеоға түсініктеме берді. Полиция жағдай қазір тұрақтанды, жол бос деп сендіреді, деп жазады zakon.kz.
Инстаграмда Алматының шетіндегі үлкен көлік кептелісін түсірген видео жарияланды. Онда бұл қаланың жоғарғы жағындағы трасса екендігі, Қаскелеңге қарай көлік кептеліс пайда болғаны айтылады.
Алматы қалалық полиция департаментінен бұған қатысты жағдайды айтып берді.
Қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтқандай, бұл видео таңертең түсірілген, ол жерде шынымен де қаладан облысқа кеткісі келетін көліктердің көп шоғыры болған, видео сол кезде түсірілген.
Бірден көптеген адам саяжайларына бармақшы болып, қала сыртына ағылған. Алайда олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды полиция тексеруі керек, сондай-ақ санитарлық қызметтер ұсынған қағазды толтыру тәртібі біршама уақытты алады. Мұның бәрі әдеттегі тәртіппен жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, тас жол бос, көлік кептелісі жоқ", - деп түсіндірді Салтанат Әзірбек.