Алматылық ару алаяқтықпен айналысып жүр

0
1 264

Алматы полицейлері әдемі қыздың алаяқтықпен айналысып жүргенін хабарлады.


Алматылық ару алаяқтықпен айналысып жүр

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері өзін тәртіп сақшысы деп таныстырған әйел туралы мәлімет таратты. Ол туралы ақпарат білгендер болса, хабарласуын сұрайды, деп жазады stan.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтықпен айналысқан әйелдің әрекетін алматылық полицейлер анықтады.

«Шын мәнінде, 1988 жылы туған азаматша И., құқық қорғау органдарымен және жалпы мемлекеттік қызметпен ешқандай байланысы жоқ. Ол сотта құқықтық мәселелерді шешуге көмектесуге дайын адам сияқты көрінген. Қылмыстық жоспарларын іске асыру үшін азаматша кейде полиция формасымен жүрді. Формадағы киіммен түскен суретін жалпыға қолжетімді етіп жариялады», - деп түсіндірді Алматы қаласы ДП тергеу басқармасында.

Полиция қазіргі уақытта бұл әйелдің жеке басы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлады. Оның фотосын жариялады.

"Егер сіз азаматшаның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, бізге мына телефондар арқылы хабарлаңыз: 254-40-27; 254-40-44; 102 немесе Масанчи көшесі 55 мекен-жайы бойынша Алматы қаласының полиция бөліміне жазбаша түрде хабарласыңыз", - деп қорытындыланды полиция бөлімінде .