Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

0
1 094

​Бұл оқиға кеше Алматыдағы Жамбыл Жабаев және Мағазы Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Пполиция тексерісті бастады.


Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қытайлық жастармен болған жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Видеода бір топ қытайлық жас ұзын айдаһардың формасын ұстап тұр. Үлкен кісілер олардың жолын бөгеп, наразылық білдіруде. Осыдан кейін бір жігіт айдаһардың басын сындырып кетеді. Оған қытайлық жастар ашуланып айғайлады. Осы кезде үлкендер төбелес шығармауға шақырады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға күні кеше Алматыдағы Жамбыл Жабаев және Мағазы Масанчи көшелерінің қиылысында болған.

"Қазіргі кезде Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиғаның куәгерлері мен қатысушыларын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Осының нәтижесінде Қазақстанның заңнамасына сай шаралар қолға алынады", - делінген ресми хабарламада.