Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

0
91

ҚР Энергетика министрлігі энергетика секторын жаңғыртуды жеделдетуде. 2026 жылы 2,4 мың МВт дәстүрлі қуаттарды іске қосу жоспарланған.


Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

ERNUR.KZ. Жылдың стратегиялық жобалар портфеліне Қызылордада 240 МВт және Түркістанда 1000 МВт бу-газ қондырғыларын (БГҚ) іске қосу, Атырау мен Текелідегі қуаттарды кеңейту, сондай-ақ жиынтық қуаты 1100 МВт-тан асатын Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарын кешенді жаңғырту кіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бастамалардың іске асырылуы ҚР Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында. Бұл ретте жұмыстары шешуші кезеңге өткен Алматы энергия торабына басты назар аударылып отыр. Алматы ЖЭО-2 алаңында қада қағу жұмыстары аяқталды – қосалқы учаскелерде, атап айтқанда, автотрансформаторлар астындағы іргетастарда соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Негізгі құрылыс жұмыстары станцияның бас корпусына: оның қаңқасын тұрғызуға және іргетасын монтаждауға бағытталған.

Бірінші іске қосу кешені бойынша айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Барлық қажетті жабдықтар алынып, монтаждалды, төрт су жылыту және үш бу қазандығында гидравликалық сынақтар сәтті жүргізілді. Бұл кезеңді іске қосу ағымдағы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жоспарланған.

Сонымен қатар, кешеннің екінші кезегінде (БГҚ блогы) газ турбинасы мен генератор іргетасқа орнатылды, металл конструкцияларын, қазандық-утилизаторды және байпас түтін мұржаларын монтаждау жүріп жатыр, бұл нысанды 2026 жылғы қыркүйектегі келесі іске қосуға дайындауға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру өңірді сенімді энергиямен қамтамасыз етеді және Алматының экожүйесіне тиетін әсерді айтарлықтай азайтады.