Ол жанжалдан кейін қашып кетіп, көрші ауданда жасырынып жүрген жерінен қолға түсті.
ERNUR.KZ. Күдікті 28 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты, деп exk.kz.
Ол жанжалдан кейін қашып кетіп, көрші ауданда жасырынып жүрген жерінен қолға түсті.
Айта кетейік, "Алтын Орда" базарында өзінің телефонын даулаған жас жігітті өзге азамат пышақпен қорқытып, оны ұрып құлатқан. Бұл жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Кейін таяқ жеген жәбірленуші ауруханада жатып, ауыр соққыдан бақилық болды. Марқұмның соңында аяғы ауыр келіншегі қалды.