Америкалықтар асырап алған қазақ баласының неден көз жұмғаны белгілі болды

0
1 805

Девин-Айсұлу Тэкабари - соңғы 20 жыл ішінде шетелдіктер асырап алған 9 мың қазақстандық баланың бірі.


Америкалықтар асырап алған қазақ баласының неден көз жұмғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Бұл сұмдық хабарды баланы асырап алушы отбасы жеткізген, деп жазады zakon.kz.

"Америкалықтар асырап алған қазақ қызының мұхиттың арғы жағына барған соң жынысын өзгертіп, еркек болып шыға келуі көпшілікті қатты толқытып, көңілде көп сұрақ туындаған еді. Айсұлу-Диана деген қызымыз америкалық трансгендер Девин әрі ЛГБТ белсендісі болып шыққан. Жас отандасымыздың бұл қиын тағдыры шетелдіктер асырап алған барлық отандастарымыз үшін алаңдаушылық туғызды. Алайда сарапшылар бір жылда тек сегіз жетім бала шетелдіктердің асырауына берілгенін айтып, қоғамды сабырға шақырды", - дейді телеарна тілшісі.

"Ол ұл болғысы келетінін айтты. Бірақ ол физикалық жағынан трансгендер емес еді. Осылайша Диана-Айсұлу Девин болды. Біздің өзіміздің есіміз шықты басында бұған. Бірақ, не болса да оны қолдайық дедік", - дейді Дэвиннің әкесі Уэйн Текабари.

Бір жасар Айсұлуды 2002 жылы америкалық жұп Қостанай қаласында асырап алған. Сол кездегі суреттер сақталыпты. Онда көйлек киіп, домбыра сабағына қатысып, сурет салған қыз баланы көруге болады. Жасөспірім суретке түсіру, сурет салумен шұғылданған. Сонымен қатар ол ЛГБТ белсендісі болды.

"Соңғы үш жылда оның мінезі қиындап кетті. Тіпті, емханада жатып, өз-өзін ұстауды, мінезге бой бермей, оны басқаруды үйренді. Сонымен қатар, Девин бір жігітті құлай сүйді, бірақ оның сезімі болмады. Ол содан да зардап шекті. Оның үстіне жаңа, жоғары мектепте қатты қысымға ұшырады. Соңында ол өз-өзіне қол салды. Суицид жасады", - деді Уэйн Тэкабари.

17 жастағы Девин-Айсұлу Тэкабари күздің басында Массачусетс штатында жерленді. Оның өлімінің себебін ҚР Сыртқы істер министрлігі айтпады. Заң бойынша, 18 жасқа дейінгі шетелдіктер асырап алған балалар қос азаматтықты алады және біздің республикамыздың консулдарының бақылауында болады. Девин-Айсұлу Тэкабари - соңғы 20 жыл ішінде шетелдіктер асырап алған 9 мың қазақстандық баланың бірі.