Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ компаниясына тиесілі 8 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп жазады Кazinform.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінде барлық шахталардың жұмысы тоқтатылғанын растады.
"Барлық шахталардың жұмысы бір тәулікке тоқтатылды", - деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.
Мұндай шешімнің қабылдануына не себеп болғаны әзірге белгісіз.