Анасымен бірге жүрген 5 жасар бала құдыққа түсіп кетті

0
1 619


Анасымен бірге жүрген 5 жасар бала құдыққа түсіп кетті

ERNUR.KZ. Астанада құдыққа түсіп кеткен бес жасар бала құтқарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«15 ақпан күні «112» пультіне сағат 11:30 кезінде 2014 жылы туған бала Қарасай батыр көшесі бойындағы құдыққа түсіп кеткендігі туралы хабар келіп түсті. Бүлдіршін аталған жерде анасымен серуендеп жүрген», - делінген ТЖ комитеті мәліметінде.

Анықталғандай, құдықтың тереңдігі 2 метр болған.

«Құтқарушылар келгенше дейін баланы №39 мектептің 10 сынып оқушысы құдықтан алып шыққан. Зардап шеккен бала №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал мектеп оқушысын құтқарушылар үйіне жеткізіп салды», - делінген хабарламада.