«Аралтұз» басшысының ас тұзына дәрет сындырған фотосы пайда болды

0
266

​Зауыт басшысы ешкімнің сөзіне пысқырмайтын көрінеді.


«Аралтұз» басшысының ас тұзына дәрет сындырған фотосы пайда болды

Фото: Жас Алаш

ERNUR.KZ. Зауыттың жұмысшылары оның видеосын Jas Alash редакциясына жолдаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Аралтұз» АҚ-ның күзетшісі Мейрамбек Баубековтің айтуынша, мекеме директоры жақын жердегі әжетханаға бармай, тұзға дәрет сындыруды әдетке айналдырған.

«Оған бұл ісі болмайды, жақын жерде әжетхана бар ғой» деген сияқты жұмсартып айттық. Бастық қой. Қатты айта да алмаймыз. Әйтпесе, шамамен 50 метр жерде әжетхана бар. Соған бармайды. Тұз деген ас қой, асқа дәрет сындырғанды қалай түсіндіресіз. Енді соны айтқан едім. Мені қудалап жатыр», - дейді күзетші.

Зауыттың тағы бір жұмысшысы Мейрамбек Баубековтің сөзін растаған. Оның айтуынша, мекемеде тазалық сақталмайды, қызметкерлерге цехта киюге арналған бөлек киім мен аяқ киім берілмейді. Олар әжетханаға киетін аяқ киімімен келіп жұмыс істей береді. Ал директордың дәрет сындырған видеосы тарап кеткен соң, жұмысшыларға қысым көбейген.

Арал қаласы санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы тазалықтың сақталмауына байланысты цех басшылығына айыппұл салған, бірақ мәселе шешімін таппаған.

Мақала авторының жазуынша, зауыт басшысы Серік Қадыкешовке тұзға дәрет сындырғанын мойындамай қойған.