"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауы өзгереді

0
565

Өзгеріс актив мемлекет меншігіне өткеннен кейін енгізіледі.


ERNUR.KZ. Мемлекет меншігіне өткеннен кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясынының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"АрселорМиттал" қазақстандық кәсіпорынның акционерлерінен шығуына байланысты бізде Arcelor атауын пайдалануға құқығымыз болмайды", – деді Шарлапаев журналистерге "АрселорМиттал Теміртау" атауын өзгерту жоспары туралы сұраққа.