Болат Қамитов аталған іске қатысты егжей-тегжейлі мәлімет берілмейтінін айтты.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан бойынша Экономикалық тергеу депараменті бірінші тергеу басқармасының жетекшісі Болат Қамитов Арыс пен Отардағы әскери бөлімдерінде оқ-дәрілерді жою барысында ірі сомада ақша ұрланғаны туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Арыс және Отар қалаларының әскери бөлімдерінде әскери оқ-дәрілерді жою кезінде, сынықтар мен металдарды сату барысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде "Қазтехнология" АҚ-тан 1,7 млрд теңгеден астам сомадағы ұрлық фактісі анықталды", - деді Қамитов ОКҚ өткен брифингте.
Алайда ол тергеудің бастапқы сатыда тұрғанын, сондықтан егжей-тегжейлі мәлімет берілмейтінін айта кетті.
"Бірақ біз қазір сотқа дейінгі тергеудің бастапқы сатысында тұрғандықтан басқа деректер жарияланбайды", - деді басқарма басшысы.