Күлімхан Жүндібайқызы биыл 81-ге толатын еді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы өмірден озды, деп жазады tengrinews.kz.
"Арыстанбек Мұхамедиұлына анасы Күлімхан апаның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын! Асыл ананың топырағы торқа, иманы жолдас болсын! Арыстанбек аға, Алланың әміріне шара бар ма, болаттай берік болыңыз!", - деп жазды Айдар Қырықбай Facebook желісіндегі парақшасында.
Күлімхан Жүндібайқызы биыл 81-ге толатын еді. Ол Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Өмірбойы Сарытауқұм совхозында бухгалтер болып қызмет еткен. Еңбек ері, Күміс алқа иегері, ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталған.
"Қоштасу рәсімі 6 қаңтарда Алматыда өтеді. Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қаңтарда Алматы облысы Қырғауылды ауылында Сарыптау 1. мекенжайы бойынша өтеді", - деді Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының өкілдері.
Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы ректоры және бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданы Калинин атындағы колхозында (Қазіргі Тұздыбастау ауылы) дүниеге келген.
1981 жылы Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебін тәмамдады. 1986 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 2019 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды.