Әскери және арнаулы оқу орындарына түсу тәртібі жеңілдейді

0
79

Қазақстанда әскери және арнаулы оқу орындарына түсу тәртібін жеңілдету көзделіп отыр. Бұл норма Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған жаңа заң жобасында қарастырылған.


Әскери және арнаулы оқу орындарына түсу тәртібі жеңілдейді

Фото: Дмитрий Дегтярев

ERNUR.KZ. Құжатқа сәйкес, енді талапкерлердің балл көрсеткіштері тең болған жағдайда басымдық әлеуметтік осал топтарға және дарынды жастарға беріледі. Атап айтқанда, жетім балалар, "Алтын белгі" иегерлері және халықаралық олимпиада жеңімпаздарына артықшылық қарастырылған, деп жазады zakon.kz.

Арнаулы оқу орындарына ұлттық қауіпсіздік органдарының академиялары, ішкі істер органдарының оқу орындары және әскери институттар жатады. Бұл білім беру ұйымдары нақты бір қызметке бағытталған мамандар даярлайды.

Сонымен қатар заң жобасында IT саласының мамандарын арнаулы мемлекеттік органдарға тарту тетігі де өзгертіледі. Бұған дейін мұндай қызметке қабылдау үшін жас шектеуі белгіленген болса, енді бұл талапты алып тастау ұсынылып отыр. Бұл өзгеріс цифрландыру дәуірінде білікті IT мамандарға деген сұраныстың артуымен байланысты.