Астана әкімдігі тыл еңбеккерінен кешірім сұрады

0
121

Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды.


Астана әкімдігі тыл еңбеккерінен кешірім сұрады

Фото: Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады, деп жазады inbusiness.kz.

Орын санының шектелуін, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді.

Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ.

Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның жақындарына туындаған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады.

Теңдік Изақов 9 мамыр күні гүл шоқтарын қою рәсіміне шақырылды.