Астана әуежайында іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы ұсталды

0
143

Ішкі істер министрлігі екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады.


Астана әуежайында іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы ұсталды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Астана әуежайында ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзірбайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады.

ІІМ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.

Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады.