Астана LRT ісі: Прокурор айыптаушыларды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

0
558

Прокурор Рашид Аманжолов, Ұлықбек Ачилов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Тимур Қасабаев, Дулат Мұсенов, Дәурен Әбдіхамитовке жаза тағайындалуды сұрады.


Астана LRT ісі: Прокурор айыптаушыларды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Астана LRT-ден ақша жымқыру ісі бойынша сот отырысы жалғасуда, деп жазады stan.kz.

Дүйсенбі, 17 мамырда судья Қажымұхан Мекемтас сот тергеуінің аяқталғанын және тараптардың жарыссөзге көшкенін хабарлады. Процессуалдық прокурор Диас Янгалышов айыпталушыларға 7-11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор Рашид Аманжолов, Ұлықбек Ачилов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Тимур Қасабаев, Дулат Мұсенов, Дәурен Әбдіхамитовке жаза тағайындалуды сұрады.

"Мен бұл қылмыстық іс бойынша сот тергеуі қылмыстық іс жүргізу заңнамасының барлық талаптарын сақтай отырып жүргізілді деп санаймын", - деді Диас Янгалышов.

Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов үшін прокурор мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқаруға, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге тыйым салумен 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұрынғы депутат және Нұр-Сұлтан мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісовтен 9 жыл мерзімге бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеумен және 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведомстволарында, квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салуды сұрады.

Astana Innovations кеңесінің экс-төрағасы Талғат Әшімге 11 жылын орташа қауіпсіз колонияда өткізу жазасын кесуді сұрады.

Astana LRT-мен ынтымақтастықта болған кәсіпорындардың қызметкерлеріне 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Сонымен қатар, прокурор "Астана LRT" ЖШС-нің 5 миллиард теңге көлеміндегі мүліктік зиянды өтеу бөлігіндегі азаматтық талаптарын ортақ тәртіппен қанағаттандыруды, сондай-ақ сотталушылардан 4 миллион көлемінде процессуалдық шығындарды өндіруді өтінген.