Астанада 20 жастағы қыз өлі табылды

0
231

Кейбір мәліметтер бойынша, қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.


Астанада 20 жастағы қыз өлі табылды

Фото:Tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оны тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары тауып алып, полицияға хабарлаған, деп жазады tengrinews.kz.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"30 қыркүйекте 102-арнасына Майлин көшесінде тыныс алу белгілері жоқ қыз жатыр деген хабар келді. 20 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп толықтырды полиция.

Кейбір мәліметтер бойынша, қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.