Астанада 8 наурызға орай алты мың азамат үшін қуанышты жаңалық пайда болды

0
98

ҚТЖ Астанадан жан-жаққа қатынайтын пойыздарға қосымша 6 мың орын ашады.


Астанада 8 наурызға орай алты мың азамат үшін қуанышты жаңалық пайда болды

Фотоколлаж: ИИ жасаған

ERNUR.KZ. «Жолаушылар тасымалы» 8 наурыз мерекесі қарсаңында Астанадан жан-жаққа қатынайтын пойыздардан алты мың жаңа орын ашады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қосымша вагондар тек Астанадан ғана қатынайды.

«Бұл шешім жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарда жүреді», - деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалының» баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін біз Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда қосымша вагондар жолға шығатынын жазған едік.