Астанада 9-қабаттан құлаған баланың жағдайы белгілі болды

0
108

Астанада 11 тамыз күні 6 жастағы бала тұрғын үйдің 9-қабатынан кіреберіс қақпасының қаңқасына құлап, аман қалды.


Астанада 9-қабаттан құлаған баланың жағдайы белгілі болды

Кадрлер видеодан

ERNUR.KZ. Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі 9-қабаттағы терезеден құлаған 6 жасар баланың жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Астанада 11 тамыз күні 6 жастағы бала тұрғын үйдің 9-қабатынан кіреберіс қақпасының қаңқасына құлап, аман қалды. Оқиға куәгері оны төменге сырғып кетпесін деп ұстаған әйелге көмектесіп, жедел жәрдем шақырған.

Бала жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілді. Бірнеше күннен соң ол травматология бөліміне ауыстырылды.

"Баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, травматология бөлімшесіне ауыстырылды", – деп хабарлады Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлердің айтуынша, бала жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын және бірнеше сынған сүйек жарақатын алған.