Астанада даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

0
144

Әлмұқан Сембиновке арналып шығарылған кітап төрт бөлімнен тұрады.


Астанада даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

станада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған «Тағдыры тарихқа айналған...» кітабының тұсаукесері өтті. Сол сияқты «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Астана қаласының Мемлекеттік архиві Президент орталығымен бірлесіп өткізді.

Әлмұқан Сембиновке арналып шығарылған кітап төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысы – «Сембинов сөйлейді». Мұнда соғыстан келген батырдың қызмет атқаруындағы жазған мақалалары топтастырылған. Өзінің қолжазбасы мен газет бетіне шыққан материалдары орналасты. Екінші бөлімі – «Суреттер сыр шертеді». Бала күнінен бастап, оның жүрген жолы суреттер арқылы берілген. Үшінші бөлім – «Сарғайған сары парақтар». Ә. Сембиновтың майдан даласы мен елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі құжат бойынша берілді.

Өз айтары бар айдардың бірі де бірегейі – төртінші бөлім «Әлмұқанның әлемі» деп аталады. Мұның ерекшелігі майдангердің қыры мен сыры жайында көзін көргендер мен майдандас достары, өзінен кейінгі інілері қалам тербейді.

Жиын барысында «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрменің тұсаукесері өтті. «Ерлік дастаны» көрмесінде Астана қаласының мемлекеттік архивінің құжаттары мен материалдары негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақмола өңірі бойынша құрылған әскери құрамалар, жауынгерлер тағдыры мен олардың майдандағы әскери іс-қимыл бағыттары және ұрыс алаңдарындағы ерлігі, тылдағы тұрғындардың орасан зор еңбегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық стратегиялық маңызын айғақтайтын дереккөздер қамтылған.