Астанада дүниеге келмеген егіздерге жатыр ішінде операция жасалды

0
336

Бір жыл ішінде осындай 35 операция жасалып, 32 нәрестенің өмірі құтқарылған.


Астанада дүниеге келмеген егіздерге жатыр ішінде операция жасалды

ERNUR.KZ. Астанада алғаш рет әлі дүниеге келмеген егіздерге жатыр ішінде ерекше ота жасалды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Операция «Феталды медицина» жобасы аясында өтті. University Medical Center мамандары ресейлік Кирилл Костюков пен Виктория Сакалоның қатысуымен монохориалды көпұрықты жүктілік асқынуын емдеді.

«Монохориалды егіздер бір жұмыртқадан пайда болады және оларда асқынулар жиі кездеседі. Қазақстанда мұндай патологияларды ерте анықтау бойынша тәжірибе жинақталған. Мастер-классқа елдің барлық өңірінен мамандар қатысты», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда бір жыл ішінде осындай 35 операция жасалып, 32 нәрестенің өмірі құтқарылған. Жақын жылдары бағдарлама ауқымы кеңейіп, жылына шамамен 150 операция жасалады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта ел бойынша 15 перинаталдық орталықта туа біткен ақауларды анықтайтын «бір күндік клиникалар» ашылған. Онда 30 мыңнан астам жүкті әйел тексеруден өткен.