Қазіргі уақытта мердігер компанияға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Елордадағы жұқпалы аурулар ауруханаларының бірінде емделушілердің кешкі асқа берілген ботқасынан өлі құрт табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі парақшаларында белгілі болды, деп жазады baq.kz.
Ведомство өкілдері жағдайдың рас екенін растады. Ведомствоның мәліметінше, ауруханадағы емдік тамақтануды аутсорсингтік компания – "Astana Construction-2050" ЖШС ұйымдастырады.
Оқиға демалыс күндері тіркелді, жауапты компанияға дереу хабар берілді. Пациентпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кешірім сұралды, – деп жауап берді басқармадан.
Қазіргі уақытта мердігер компанияға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Жетісу облысындағы балабақшаның бірінен түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырған еді. Кадрларда Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде балаларға берілген, тамақ көрсетілген және бәліш пен басқа да тағамдардың арасында тарақандар жүргені байқалған болатын.