Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде осы өзгерісті ескеру ұсынылды.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлау күні Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп жазады inbusiness.kz.
Тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.
Бас қаланың әкімдігі бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауына және сайлау учаскелеріне баруына қолайлы жағдай жасау үшін ұйымдастырылып отырғанын хабарлады.


