Бұл көліктердің бір жолағына қатысты болады.
Коллаж Ulysmedia
ERNUR.KZ. City Transportation System (CTS) компаниясы Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі 30 желтоқсанға дейін жабылатынын айтты, деп жазады ulysmedia.kz.
Жолдың уақытша жабылуы LRT желісінің 105-станциясындағы шпунттық қоршауларды бұзу жұмыстарына байланысты енгізілмек. Жол қозғалысы 14 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін шектеледі, — делінген хабарламада.
CTS компаниясының мәліметінше, Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» аялдамасынан бастап Хусейн бен Талал көшесіне қарай 100 метрлік жол бөлігі ішінара жабылады. Бұл көліктердің бір жолағына қатысты болады.
Қала билігі мен CTS компаниясы тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды, — деді компания өкілдері.