Астанада LRT рельсін төсеу жұмыстарының 25 проценті аяқталды

0
354

Екі жолақты желінің 5,6 километрі төселді.


Астанада LRT рельсін төсеу жұмыстарының 25 проценті аяқталды

ERNUR.KZ. Астана қаласында LRT желісінің құрылысы барысында жолдың жоғарғы құрылысын салу жұмыстарының 25% аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

Екі жолақты желінің жоспарланған 22,4 километрінің 5,6 километрі төселді.

Нысанға арнайы техника жеткізілді: маневрлік тартқыш, рельсті экскаватор, сорғысы бар бетон араластырғыш, консольді кран және платформалар.

Құрылыс барысында шу мен діріл деңгейін төмендететін заманауи DTVII2-1 рельс бекіту жүйесі қолданылады. Бұл жүйенің артықшылықтары — шуды 5–10 дБ-ге дейін азайту, жоғары тозуға төзімділік және әртүрлі жағдайларға бейімделгіштігі.

Өткен жылы №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде алғашқы 500 метр жол төселді. Бұл тестілік кезең қысқы ауа райының жеңіл рельсті көліктің жол құрылымына әсерін зерделеуге мүмкіндік берді.