Бұл ескерткіштен 2017 жылы да баланың қола мүсіні ұрланған болатын. Сол кезде оны жаңасына алмастырған еді.
фото: ашық дереккөзден
Астана қалысының полицейлері ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткіштегі баланың мүсінін ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Астана полицейлерімен Абай мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш» композициясынан ұрлық жасаған күдікті анықталып, қамауға алынды», делінген хабарламада.
ҚР ҚК 188 бабымен (ұрлық жасау) сотқа дейінгі тергеп-тескеру шаралары жүргізілуде.
Ұрланған затты сатып алушы адам да анықталды. Оған қатысты да ҚР ҚК 196 бабымен (алдын ала қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу және сату) сотқа дейінгі тергеп-тескеру шаралары жүргізілуде.
Композициядағы бала мүсіні қала аумағындағы металл қабылдау орындарынан табылғанын айтады полиция қызметкерлері.
Айта кетейік, бұл ескерткіштен 2017 жылы да баланың қола мүсіні ұрланған болатын. Сол кезде оны жаңасына алмастырған еді.