Төрт жыл бойы туыстары оның қайта оралатынына сенген.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздеп келген 48 жастағы ер адам табылды, деп жазады stan.kz.
Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, "Кезбе" операциясы қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу мақсатында ұйымдастырылған.
"Төрт жыл бойы туыстары оның қайта оралатынына сенген. Полицейлердің келісілген әрекетінің арқасында ер адам аман-есен табылды. Ол көп жылдар бойы мүлде көрмеген отбасымен қайта қауышты", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, рейд барысында полицейлер түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 6 адамды ұстады.