Астанада жалған полицей жезөкшелерден ақша бопсалаған

0
1 061

23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздарды қорқытып, ақша талап еткен.


Астанада жалған полицей жезөкшелерден ақша бопсалаған

ERNUR.KZ. Астанада өзін полицеймін деп таныстырып, ақша бопсалаған ер азамат ұсталды, деп жазады stan.kz.

Елордалық полиция департаментінің полицейлері арнайы операция жүргізіп, жезөкшелерден ақша бопсалаған күдіктіні ұстады.

23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздарды қорқытып, ақша талап еткен. Ол қыздардың пәтеріне келіп, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша сұратқан. Күдікті жалған қызметтік куәлігін көрсеткен. Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады.