Бұл ұсынысты Төтенше жағдайлар департаменті ұсынып отыр.
ERNUR.KZ. Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті жұмыс күнін қысқартуды ұсынды, деп жазады Baq.kz.
«Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне, жазатайым оқиғаларды болдырмауға байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынады», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кетейік, бұл ақпарат қаланың тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем көрсету қызметі, коммуналдық қызметтеріне қатысты емес.
«Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша 25 желтоқсанда ауа температурасы -30 С, алайда -38 С болып сезіледі, жел екпіні 2 м/с.