Астанадағы батут оқиғасы: Сот алдында екі адам жауап береді

0
1 256

Аталған оқиға кезінде бес бала зардап шеккен болатын.


Астанадағы батут оқиғасы: Сот алдында екі адам жауап береді

фото: inform.kz

ERNUR.KZ. Астанадағы аудандық соттың қарауына батуттың аударылуына қатысты қылмыстық іс түсті. Аталған оқиға кезінде бес бала зардап шеккен болатын, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, сот отырысы ашық болады.

«Негізгі отырыс 27 шілде сағат 16:00-ге белгіленіп отыр. Қылмыстық іс Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотында қаралады. Соттың алдында екі адам жауап береді. Олардың жеке мәліметтері сол кезде жарияланады», - деді баспасөз қызметінің мамандары.

Ресми мәліметке сәйкес, екі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-бөлімінің 1 және 2-ші тармақшасы бойынша қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 4 мамырда Астанадағы «Жаннұр» сауда орталығының аумағында батут аударылған болатын. Қатты желдің салдарынан батут 20 метрге ұшып кетті. Сол кезде бес бала қатты зардап шекті. Төртеуі жансақтау бөліміне түскен еді. Қазір балалардың барлығы үйде.