Астанадағы LRT желісіне бағдаршамдар орнатылды

0
107

​Әлеуметтік желіде Астана тұрғындары LRT желісіне бағдаршамдардың орнатылғаны туралы фотолар жариялауда.


Астанадағы LRT желісіне бағдаршамдар орнатылды

ERNUR.KZ. Астанада LRT желісі бойынша бағдаршамдар пайда болды. CTS компаниясы олардың не үшін қажет екенін түсіндірді, деп жазады baq.kz.

LRT желісінің станцияларында, аралық учаскелерде және депода 187 жарықдиодты бағдаршам орнатылған. Негізгі қозғалысты басқару автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады, алайда бағдаршамдар резервтік қауіпсіздік жүйесінің маңызды рөлін атқарады. Олар төтенше жағдайларда пойыз қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді және маневрлік жұмыстар кезінде қолданылады. Бұл жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қосымша қорғаныс деңгейі, - деп түсіндірді CTS баспасөз қызметі.