​Астаналық 47 түлек ЖОО-да тегін оқитын болды

0
1 423

Әкімнің білім гранты сұранысы жоғары мамандықтарға бөлінді.


​Астаналық 47 түлек ЖОО-да тегін оқитын болды

ERNUR.KZ. Астанада 47 мектеп түлегі қала әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында тегін оқитын болады, деп жазады ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 47 түлек грант иесі атанды. Олардың арасында жетім балалар, мүгедек жандар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бар.

Әкімнің білім гранты сұранысы жоғары мамандықтарға бөлінді. Әсіресе техникалық, педагогикалық және медициналық бағыттарға басымдық берілген.

«Біз үшін сіздер барлығыңыз жеңімпазсыздар. Сіздердің грант иегері атануларыңыздың өзі ерік-жігерлеріңіз бен мақсатшыл екендеріңізді көрсетіп тұр. Сіздер арманға қол жеткізу үшін бірінші үлкен қадамды жасадыңыздар. Бұл тек бірінші жеңіс, қалғаны алда күтіп тұрғанына сенімдімін. Әрдайым күшті, белсенді, өмірде де көшбасшы болыңыздар. Күні ертең сіздер тек өздеріңізге ғана жол салмайсыздар, елге де септігін тигізесіздер. Бүгінде сіздердің технология, ғылым тағы басқа да саланы дамытуға керемет мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерге жоспарларыңыз бен идеяларыңызды іске асыруға тілектеспін», - деді Әсет Исекешев.

Қорытынды бойынша С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне - 17 адам, «Астана» медицина университетіне - 7 адам, «Тұран Астана» университетіне - 1, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне - 14, Қазақ технология университетінде және Еуразия гуманитарлық институтына - 4 түлектен түсті.

Айта кетейік, биылғы оқу жылы бірінші рет ЖОО-ларда жаңа мамандық пайда болды: құрылыста 3D таңбасын жобалаушы, компьютерлік жүйенің талдаушысы және әзірлеуші (разработчик), web- дизайнер және ландшафт дизайнері. Бүгінге дейін әкімнің жалпы білім беру грантына 125 студент ие болды.