Астаналық бойжеткен спорттық бутиктен киім ұрлаған

0
306

Нұра ауданы полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар қызды анықтады.


Астаналық бойжеткен спорттық бутиктен киім ұрлаған

Сурет: polisia.kz

ERNUR.KZ. Астананың 23 жастағы тұрғыны магнит жапсырмасын алып, киімді үстіне киіп, бутиктен шығып кеткен, деп жазады zakon.kz.

Нұра ауданы полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар қызды анықтады. Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қыздың айтуынша, сауда орталығына келмес бұрын ол интернет желісі арқылы киімдегі магнит жапсырманы шешу жолдарын зерттеген. Сауда залында орналасқан бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер бойжеткеннің заттармен бірге киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, кейін қолында ештеңесіз шыққанын байқады. Ол жалпы құны 133 мың теңге болатын спорттық киімді басқа адамдарға сатып жіберген.


Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктінің қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.