Астаналық әйел көшеде қызын аямай ұрған: Оған 45 мың теңге айыппұл салынды

0
766

Желіде таралған видеода әйелдің жеткіншек қызды жұлқылап сүйреп, көлікке басын ұрып жатқаны байқалады.


Астаналық әйел көшеде қызын аямай ұрған: Оған 45 мың теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Астанада анасының өз қызын жұлқылап, басын көлікке ұрғаны түсірілген видео желіде таралды. Оқиға бойынша ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Желіде таралған видеода әйелдің жеткіншек қызды жұлқылап сүйреп, көлікке басын ұрып жатқаны байқалады.

Оқиға Астана қаласындағы Алматы ауданында орын алған.

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде белгісіз әйелдің кәмелетке толмаған қыздың денесіне зақым келтіргені түсірілген видеосы анықталды. Тексеру барысында 52 жастағы әйел мен оның 10 жасар баласы анықталды. Оқиғаға баланың жаттығу залынан кетпей қоюы себеп болған", - делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі таңда әйелдің үстінен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу немесе оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша іс қозғалып, оған 45 мың теңге айыппұл салынған.