Астананы Жаңа жылға безендіру үшін 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді

0
357

Аудандарда әкімдік балансында бар шыршалар орнатылады.


Астананы Жаңа жылға безендіру үшін 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді

ERNUR.KZ. Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап көптеген ойын-сауық орындары әзірленеді, деп жазады sputnik.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, мұз айдындары, сырғанақтар, сүйкімді шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар және тағы да басқа қаланың 6 ауданында осындай 60-қа жуық орын ашылып, қыс мезгілінде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды
Аудандарда әкімдік балансында бар шыршалар орнатылады.
Нұра ауданында отбасыларға арналған қысқы ойын-сауық орталық саябақта, "Зеленый квартал" тұрғын үй кешенінде, Үркер тұрғын алабы, Asia Park СОО жанында және "Астана Арена" стадионының аумағында ұйымдастырылады. Аудан аумағында тартымды орындар мен көшелердің безендірілуімен қатар, түнгі жарықтандырумен 40-тан астам шағын сәулет нысаны орнатылатын болады. Сондай-ақ, 4 мұз айдыны жұмыс істейтін болады.
Биыл Алматы және Сарайшық аудандарында тұрғындар үшін қолайлы орындар мына мекенжайларда: Қазақ елі алаңы, Оқушылар сарайының аумағы, Президенттік саябақ, Триатлон паркі және "Sana" СК, сол сияқты тұрғын алаптардың қоғамдық кеңістіктерінде мұз сырғанақтары мен мұз айдындары орнатылады.
Байқоңыр ауданында жаңа жылдық түрлі қондырғылармен және демалыс орындарын ашу арқылы мерекелік атмосфера орнату жоспарланып отыр. Негізгі ойын-сауық нысандары мына орындарда орналасады: "Жастар" сарайының аумағында, Ататүрік атындағы саябақта, Жазушылар аллеясында және т.б. Көше бойында және Ақбұлақ өзені арқылы өтетін көпірде жаңа жылға арналған жарық гирляндалар қою жоспарланып отыр.
Есіл ауданында негізгі орындар мерекелік жарықтандырумен және декорациямен безендіріледі. Қонаев және Достық көшелерінің бойындағы, Бәйтеректің периметрі бойында, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылында, "Ұлытау" ботаникалық бағы мен алаңындағы ағаштар жарық гирляндтармен және басқа да мерекелік элементтермен безендіріледі. Бәйтерек, Нұржол желекжолы, Желілік парк, Астана балет театры сияқты азаматтар үшін тартымды негізгі орындарда және Мәңгілік Ел даңғылының Ұлы дала көшесімен қиылысында жаңа жылдық тақырыпта шағын сәулет нысандары орнатылады. ЭКСПО, Ботаникалық бақ және Пригородный тұрғын алабын қоса алғанда, негізгі алаңдар мен саябақтарда мерекелік шыршалар және т.б. орнатылады.
Сарыарқа ауданында жаңа жыл мерекесіне орай Есіл өзенінің жағасында сырғанақтар, мұз айдыны, арнайы тақырыптағы шағын архитектуралық мүсіншелер мен шырша орнатылады, ал қалалық алаңда – үлкен сырғанақ, ауданы 600 ш.м. мұз айдыны және жаңа жылдық фотоаймақтар болады, сол сияқты 13 м тірі шырша безендіріледі. Сондай-ақ, алаңдар, вокзалдар мен негізгі көшелерде әртүрлі шағын архитектуралық мүсіншелер, слайдтар мен жаңа жылдық қондырғылар орнатылады. Бұл бүкіл ауданда мерекелік атмосфера орнатады.
Аудандық әкімдіктер қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 млн теңге бөлетін болады, оның ішінде:
Нұра ауданы – 79 млн теңге;
Сарыарқа ауданы – 110 млн теңге;
Алматы және Сарайшық ауданы – 165 млн теңге;
Байқоңыр ауданы – 158,8 млн теңге;
Есіл ауданы – 183,9 млн теңге;
Мұз айдындарын, слайдтарды, шағын архитектуралық мүсіншелерді, фотоаймақтарды және басқа элементтерді орнату бойынша монтаждау жұмыстары қараша айының ортасынан басталды. Бұл жұмыстар желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталатын болады.