Астананың абақтысынан қашып кеткен күдікті ұсталды

0
981

Астанадағы уақытша ұстау абақтысынан қашып кеткен күдікті Қарағанды облысында ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйелері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам 26 ақпан күні түн жарымында Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмет ауылында ұсталған.

"Қарағанды облысы ІІД Нұра аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері қырағылық танытты. Олар іздеу шаралары кезінде "Жигули" көлігін тоқтатқан, тексеріс кезінде Арғымбаев жолаушы ретінде отырғаны анықталды", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Арғымбаев қарсылық көрсетпеген, ол бас бостандығынан айыру орнына қайта жеткізіледі.

36 жастағы Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка елді мекенінің тұрғыны 25 ақпан күні ғимараттың бір қабатты корпусына жапсарлас орналасқан серуендеу алаңынан қашып кеткен. Бұған дейін ол тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған.