Астананың қонақтары мен тұрғындары үшін 1000 литр Наурыз-көже әзірленеді

0
1 725

Наурыз мейрамына арналған бағдарлама аясында елорда тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО көрме кешенінің аумағында бірегей этноауыл мен тақырыптық киіз үй-музейлерді, "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда "Дала қазығы" тарихи ортағасырлық жекпе-жектер турнирін, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жетекші шығармашылық ұжымдардың қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен концерттер тамашалай алады.


Астананың қонақтары мен тұрғындары үшін 1000 литр Наурыз-көже әзірленеді

Астанада 21 наурызда көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамын тойлауға арналған ауқымды шаралар, халықтық серуендер басталады. Ашық алаңдардағы жалпықалалық шаралар 22 наурызда жалғасын табады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз мейрамына арналған бағдарлама аясында елорда тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО көрме кешенінің аумағында бірегей этноауыл мен тақырыптық киіз үй-музейлерді, "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда "Дала қазығы" тарихи ортағасырлық жекпе-жектер турнирін, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жетекші шығармашылық ұжымдардың қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен концерттер тамашалай алады.

Биыл Наурызға орайластырылған басты шаралар ЭКСПО көрме кешенінің аумағындағы алаңда өтеді. Мұнда 21 наурызда сағат 13:00-де мерекелік бағдарлама басталады. Көрме аумағында қала тұрғындары мен қонақтары үшін этноауыл ашылады. Келушілерді қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлері құшақ жая қарсы алады

Этноауыл қонақтарының арасында қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, армрестлинг және гір көтеруден сайыстар өткізіледі. Бұдан басқа, ниет білдірген жандар "Қой көтеру" сынды ұлттық ойында күш сынасады, алтыбақан тебеді.

Киіз үй қалашығының аумағында сыйымдылығы 1000 литрлік тайқазан орнатылады, оның жанында театрландырылған қойылым көрсетіледі. Сонымен қатар, жиналған қауымның назарына жетекші отандық артистердің қатысуымен мерекелік концерт ұсынылады. Этноауылға келушілер қазақ халқы ежелден өсіріп келе жатқан тазы мен төбеттер көрмесін тамашалай алады.