Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті құрылды

0
98

Бұйрық 2025 жылғы 25 тамызда күшіне енеді.


Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті құрылды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Энергетика министрі 2025 жылғы 11 тамыздағы бұйрығымен "Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесіне өзгерістер енгізді, деп жазады inbusiness.kz.

– Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті – жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын Энергетика министрлігінің ведомствосы", – делінген құжатта.

Комитеттің құзыретіне не кіреді:

– мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

– реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асырады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық құзыретін орындауға қатысады;

– жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау және қадағалау жүргізеді;

– ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асырады;

– рұқсат беру рәсімін жүзеге асырады;

– мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады.