Атырау мұнай өңдеу зауытына тарифті өсірді деген айып тағылды

0
108

Өңірде мәдениет және білім беру салаларындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық 12 кәсіпорын монополияға қарсы органның келісімінсіз қосымша қызмет көрсеткен.


Атырау мұнай өңдеу зауытына тарифті өсірді деген айып тағылды

Фото: azh.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің АОД басшысының орынбасары Әсел Адиева арнайы брифингте мәлімдеді деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жеке кәсіпкерлердің нарыққа шығуына тосқауыл болып, бәсекелестікке нұқсан келтірген.

Ведомство мәліметі бойынша, биыл жартыжылдықта монополияға қарсы орган өңірде бәсекелестікті қорғау, монополиялық қызметті шектеу және кәсіпкерлікке кедергі келтіретін әрекеттердің жолын кесу бағытында бірқатар жұмыс атқарған.

Маңызды істердің бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу дерегі бойынша тергеп-тексеру аяқталды. 2021-2023 жылдары мұнай өңдеу бағасы 31% өскені анықталды. Зауыт қорытындымен келіспей, әкімшілік тәртіпте шағымданып жатыр.

Медициналық қызмет нарығында да заң бұзушылықтар тіркелді. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жекеменшік ұйымдардың гистологиялық зерттеулерге қатысуына шектеу қойған. Бұл іс бойынша басқарманың шағымы сотта қанағаттандырылмай, қазіргі уақытта сот талқылаулары жалғасуда.

Ал, жол жөндеу саласында "Бірлік Жол Строй" ЖШС мен "NNC group" ЖШС арасында мемлекеттік сатып алулар барысында өзара келісімге келіп, нарықтағы бәсекені шектеу (картельдік келісім) әрекетіне жол бергені анықталды. Астана қаласы Департаментімен қозғалған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарау нәтижесінде сот шешімімен "Бірлік Жол Строй" ЖШС-не табысының 3 пайызы көлеміндегі айыппұл салынып, монополиялық кірісі тәркіленді.

ҚР Президентінің "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы аясында өңірде жекешелендіруге жататын нысандардың тізімі қалыптастырылды. Оның ішінде "Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежай" АҚ-ны сенімгерлік басқаруға беру, бірқатар коммуналдық кәсіпорынды тарату және біріктіру ұсынылды.