Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы отставкаға кетті

0
912

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Мәншүк Аймұрзиеваның қызметінен кеткенін растады.


Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы отставкаға кетті

ERNUR.KZ. Бүгін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева отставкаға кетті, деп жазады Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Мәншүк Аймұрзиеваның қызметінен кеткенін растады.
- Денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінен кетті. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп, жыл сайын дәрігерлердің қажеттіліктеріне қажетті қаражат бөлінеді, қаржыландыру өсуде, перзентханалардың, ауруханалардың және медициналық мекемелердің барлық қажеттілік мәселелері шешілуде. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады. Денсаулық сақтау саласын қадағалайтын облыс әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды, - дейді баспасөз қызметіндегілер.