Атырау полициясының экс-басшысы тергеу изоляторына қамалды

0
106

Бұған дейін ол уақытша ұстау изоляторында болған.


Атырау полициясының экс-басшысы тергеу изоляторына қамалды

© Photo : Pexels / Tima Miroshnichenko

ERNUR.KZ.Атырау қалалық полицияның экс-басшысы Бақтыбек Исаев тергеу изоляторына ауыстырылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Исаев уақытша ұстау изоляторында болған. Қазіргі кезде оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Экс-басшы ішкі істер органдары қатарынан шығарылды. Тергеу аясында қызмет бабын асыра пайдалану фактілері тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, бұл әрекеттер заттай айғақтар ретінде сақталған есірткі заттарымен байланысты болып тұр.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қылмыстық іс аясында шамамен 17 адам тергеуге алынуы мүмкін. Олардың ішінде облыстың есірткі қылмыстарына қарсы басқарма басшысы мен ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы және басқа да заттай айғақтарға жауапты қызметкерлер бар.