Мектеп оқушысының үйіне нендей себеппен оралмағаны әзірге белгісіз.
Фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Атырауда 11 жасар жасөспірім жоғалып кеткен еді. Жергілікті полицейлер мен еріктілер жасөспірімді бірнеше күн іздеді, деп жазады inform.kz.
Бүгін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің табылғанын растады.
– Жасөспірімнің жоғалуына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Өзінің айтуынша, шатырда түнеген, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Мектеп оқушысының үйіне нендей себеппен оралмағаны әзірге белгісіз. Оның бірнеше күн шатырда түнегені рас па? Бұл сауалдар тергеу барысында анықталады.
Еске сала кетелік, кеше Атырауда 3 күн бұрын жоғалған 11 жасар жасөспірім іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Мектеп оқушысы Жасұлан Назарчук 20 желтоқсанда күндізгі сағат 10:35-те үйінен шыққаны анықталған. Дүкеннен сүт сатып әкелуге шығып, үйіне кері оралмаған.