Атырауда көпқабатты үйде газ құбыры жарылды

0
522

​Оқыс оқиғадан ешкім жардап шекпеген.


Атырауда көпқабатты үйде газ құбыры жарылды

ERNUR.KZ. Атырауда полицейлер өртеніп жатқан көпқабатты үйден 30 тұрғынды құтқарды, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментігінің дерегінше, 30 қаңтарда кешкі сағат 17:30-да Вокзал маңы, 3 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында газ құбыры жарылып, өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Өрттің шыққанын полицейлер байқаған.Олар 30 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Сондай-ақ тәртіп сақшылары өртеніп жатқан пәтерде ұйықтап қалған ер адамды алып шықты", - деп жазылған хабарламада. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.