Полиция дерегіне сәйкес сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.
ERNUR.KZ. 1 ақпанда Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, деп жазады Stan.kz.
Полиция дерегіне сәйкес сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.
“Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті”, – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды.
Қазір азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.