​Атырауда сотталған адамды шатастырып мерзімінен бұрын босатып жіберген

0
117


​Атырауда сотталған адамды шатастырып мерзімінен бұрын босатып жіберген

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Атырау облысында жазасын өтеу мерзімі аяқталмаған сотталған азаматты түрмеден шығарып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Қызметкердің жіберген қателігі салдарынан сотталған адамды мерзімінен бұрын босату туралы құжат рәсімделген. Аталған заң бұзушылық дер кезінде анықталып, жолы кесілді “, — деген хабар алдық Қылмыстық-атқару комитетінен.
Ақпаратта айтылғандай, қазір жазасын өтеуші азамат түзету мекемесіне қайтарылды.

“ Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүріп жатыр. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады “, — деп хабарлайды комитет.