Атыраудағы арнайы қабылдау бөлімінде қамауда отырған ер адам қайтыс болды

0
91

​Атырау полициясының арнайы қабылдау орнында ер адам көз жұмды.


Атыраудағы арнайы қабылдау бөлімінде қамауда отырған ер адам қайтыс болды

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Атыраудағы полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады baq.kz.

29 наурызында Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында 55 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Өзге ақпарат тергеу мүлдесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.