Атыраудың Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
658

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Мақат ауданы әкімі лауазымына Ринат Ибрагимов тағайындалды.


Атыраудың Мақат ауданына жаңа әкім тағайындалды

ERNUR.KZ. Атырау облысының Мақат ауданына жаңа әкім келді, деп жазады inbusiness.kz

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Мақат ауданы әкімі лауазымына Ринат Ибрагимов тағайындалды.

Ринат Хисаұлы 1986 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо, кейін самбо күресі бойынша жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. 2016 жылы "Барыс" балалар мен жасөспірімдер клубының директоры, ал, 2017 жылы Атырау қалалық су спорты түрлері клубының директоры болып жұмыс істеген. 2017-2018 жылдары қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2018 жылдың қазан айынан бері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.