Автобустар жүрмейді: Оралда көктайғақтың кесірінен тұрғындар жұмысқа жете алмаған

0
469

Қоғамдық көлік болмағандықтан, такси бағасы шарықтап кетті.


Автобустар жүрмейді: Оралда көктайғақтың кесірінен тұрғындар жұмысқа жете алмаған

ERNUR.KZ. 13 ақпанда Оралда көктайғақ салдарынан автобустар жүре алмай қалды. Автобус жүргізушілері мұндай жағдайда жолға шығудан бас тартқанын айтады, деп жазады Stan.kz.


Оралда көктайғақ салдарынан автобус жүргізушілері жұмыс істеуден бас тартты.


"Біз базаға келдік, бірақ рөлге отырудан бас тарттық. Барлық жүргізуші бір-бірімен байланысып, сөйлеседі. Алдымен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін, құм сепсін, сосын шығамыз. "Ал мынадай тәуекелге бел буа алмаймыз”, – дейді ер адам.

Қоғамдық көлік болмағандықтан, такси бағасы шарықтап кетті.


“Масқара! Аялдамада тұрғаныма 40 минут болды. Біздің коммуналдық қызмет неге дайын емес?” – деді қала тұрғыны Асанәлі.

Қалалық білім бөлімі бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшетінін хабарлады. Оның себебі – ауа райының қолайсыздығы. Дегенмен мектепке келген балалар үшін сабақ өтеді.

Қалалық әкімдік мәліметінше қоғамдық көлік жергілікті уақыт бойынша тек 11:00-ден бастап жүрген.