Автомектеп ашуға рұқсат тек нақты талаптар орындалған жағдайда беріледі
фото: Pixabay / Pexels
ERNUR.KZ. Мәжіліс жүргізушілерді даярлауға қатысты заңнамалық өзгерістерді бірінші оқылымда қабылдады, деп жазады sputnik.kz.
Заң бойынша автомектептердің қызметіне мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Ол үшін рұқсат беру тәртібі енгізіледі. Ал автомектеп ашуға рұқсат тек нақты талаптар орындалған жағдайда беріледі. Олар:
қажетті материалдық-техникалық база;
оқу алаңдары;
оқу көліктері;
білікті оқытушылар.
Рұқсат алған автомектептердің мемлекеттік тізілімі де жүргізіледі.
"Бұл тізілім рұқсат алғаннан кейін оқу ұйымдарының қызметін бақылауға мүмкіндік береді. Тізілімді жүргізу Ішкі істер министрлігіне беріледі", - дейді депутат Екатерина Смышляева.
Бұдан бөлек, медициналық мәліметтердің кейбір түрлері ішкі істер министрлігінің деректер базасына енгізіліп тұрады.


